Қостанайда жол жөндеуге 6 млрд теңге жұмсалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда жол жөндеуге 6 млрд теңге жұмсалды

Қостанайда жол жөндеуге 6 млрд теңге жұмсалды

Жыл соңына дейін Қостанай қаласындағы 39 көше жөнделеді.

  • 19 Қыркүйек 2018
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат Қостанай қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдинге сілтеме жасап хабарлайды. 

Жыл басынан бері Қостанай көшелерін жөндеуге 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Аталған сома өткен жылмен салыстырғанда 600 млн теңгеге көп. 

«Биыл үйлердің арасын, алаңқайларды қоса есептегенде, бас-аяғы 39 көше жөнделеді. Барлығы 41 шақырымға жұмыс жүргізіледі. Қазірдің өзінде оның 36 шақырымы қалыпқа келтірілді. Жұмыстар осы жылдың мамыр айында басталды. Былтыр қолға алынған Павлов және Абай мен Гагарин көшелеріндегі жөндеу жұмыстары биыл да жалғасты. Сонымен қатар, қаладағы бес көшеде 750 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 660 млн теңгеге ресайклинг әдісімен тағы да 23 көше ретке келтірілді», — деді С.Жанділдин агенттік тілшісіне.

Қазан айының ортасына дейін Тәуелсіздік, Лермонтов, Павлов, Гагарин көшелеріндегі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталады. Тәуелсіздік, Баймағамбетов, Набережная көшелеріндегі инженерлік коммуникациялар, соның ішінде су құбыры мен кәріз желілері жаңартылды.


10 көше орташа әдіспен қайта жөнделді. Олар — Набережный, Карбышев, Алтынсарин және Энергетиктер көшелері.

Қала әкімдігінде белгілі болғандай, Лермонтов көшесінен Баймағамбетов-Алтынсарин көшелеріне шығар жол жабық. Мердігер компания жолға тас төсеуді енді бастайды. 

Жалпы, Қостанай қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы — 322 шақырым. Оның 290 шақырымына асфальт төселген.

 

Соңғы жаңалықтар