Қостанайда жылу мен ыстық су қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда жылу мен ыстық су қымбаттады

Қостанайда жылу мен ыстық су қымбаттады

Қостанайда жылу мен ыстық су қымбаттады.

  • 6 Қаңтар 2014
  • 286
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Қостанай жылу энергетика компаниясы" кәсіпорны хабарлады.

Ақпарға қарағанда, 1-қаңтардан бастап 1 шаршы метрді жылыту құны 132 теңге 48 тиынға қымбаттады. Бұған дейін қостанайлықтар аталған қызмет үшін ҚҚС қоса есептегенде 124 теңге 92 тиын төлеп келген болатын.

Есептеу құралдарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар 1 Гкал үшін бұрынғы 909 теңге 91 тиынның орнына 964 теңге 82 тиын, ал заңды тұлғалар 4 мың 139 теңге 84 тиын төлемек.


Ыстық судың бір текшеметрі ҚҚС қосқанда 268 теңгені құрады (бұрын 252 теңге 75 тиын болатын).