Қостанайдағы орман алқабынан өнеркәсіптік жарылғыш заттар табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы орман алқабынан өнеркәсіптік жарылғыш заттар табылды

Қостанайдағы орман алқабынан өнеркәсіптік жарылғыш заттар табылды

Қостанай облысында жеке шаруашылық серіктестігі қызметкерлері орман алқабынан өнеркәсіптік жарылғыш заттар элементтерін тапты.

  • 18 Маусым 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Аталған факт 17 маусым күні Қонай ауылынан екі шақырым жерде тіркелген. «Интер-стиль» ЖШС қызметкерлері орман алқабынан өнеркәсіптік жарылғыш заттар элементтерін тапқан.

«Серіктестік мамандары «Петроген П-34» элементінің 9 данасын тапты. Бірақ, олардың тұтататын пілтелері жоқ.  Жарылғыш заттар Қостанай облысы ІІД жедел тобына тапсырылды», — деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнында 12 ТЖД және 6 жергілікті полиция қызметінің мамандары мен ҰҚК қызметкерлері жұмыс істеді.


 

Соңғы жаңалықтар