Қостанайдағы жойқын өрт: бір көшедегі екі үй отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы жойқын өрт: бір көшедегі екі үй отқа оранды

Қостанайдағы жойқын өрт: бір көшедегі екі үй отқа оранды

Бастапқы деректерге сүйенсек, өртке электр желісіндегі қысқа тұйықталу себеп болған.

  • 28 Ақпан 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Қостанай қаласының шағын аудандарының бірінде екі үйден өрт шықты, деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

27 ақпан күні кешкісін Ақсу көшесіндегі екі жеке тұрғын үй отқа оранды. Оқиға орнына 19 өрт сөндіруші мен 8 көлік аттандырылған.

"Қостанайдың Қостанай-2 шағын ауданы Ақсу көшесінде сағат 17:00 кезінде ауданы 150 және 200 шаршы метр 5-ші және 7-ші үй өртенді. Өрт 18:50-де ауыздықталып, 19:03-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бастапқы болжамға сүйенсек, өртке электр желісіндегі қысқаша тұйықталу себеп болған.


Естеріңізге сала кетсек, сол күні Таразда төрт қабатты үйде газ жарылып, салдарынан үш адам қаза тапқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар