Жарияланды: 1200

Қостанайлық келіншек Астана вокзалында босанып қалды

Қостанайлық келіншек Астана вокзалында босанып қалды

2017 жылдың алғашқы күні келіншек Астана вокзалында босанып қалған.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қостанай-Алматы бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы Астана вокзалында тұрған. Осы сәтте жүкті келіншек вокзалдың медициналық бөлімшесіне жеткізіледі. Әйелдің жағдайын байқаған жолсерік бірден медициналық бөлімшеге хабар берген. Сағат 11 шамасында сәби дүниеге келген.

Әйелге жедел жәрдем бригадасы мен теміржол қызметкерлері барлық қажетті көмекті көрсеткен. Бұдан кейін сәби мен оның анасы қаладағы перзентханалардың біріне жеткізілген. Арайлым күйеуі және екі баласымен Тараздағы туыстарына бара жатқан екен.

“Жолға шығар алдында өзімді жақсы сезінген болатынмын. Маған көмектерін аямай көрсеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне, пойыз басшысына, жолсерікке, медбикеге, барлығына алғыс айтамын. Ұлымыздың атын Әбдірахман деп қойдық”, – дейді Арайлым Асқарбекова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін