Жарияланды: 540

Қостанайлық өрт сөндірушілер қалалық билікке төтенше жағдайлар болу мүмкіндігі туралы ескертеді

Өртке қарсы күрес қызметі бас басқармасының қызметкерлері Қостанайдағы су көздерінің қазіргі ахуалына тексеру жүргізді. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметінен таратылған баспасөз баянында айтылған.

Барлығы 720 гидранттың өрт сөндіруге жарамдысы тек 411 ғана. Сондай-ақ, 188 гидрант бұзылған болса, 111 құдықты өрт сөндірушілер мүлдем тапқан жоқ. Өртке қарсы күрес қызметі бас басқармасының қызметкерлері гидрантардың ұшты-күйлі жоғалу себебін қала көшелеріне жүргізіліп жатқан кең көлемді жөндеу-жаңалау жұмыстарымен байланыстырады. Өз кеңселерінің "сәнін" бұзғысы келмеген кәсіпкерлер гидранттар туралы ескеру белгілерді не мүлдем алып тастап жатыр, немесе су көздерінің өзін біржола аластауда. Құдықтардың кейбірі асфальттың астында немесе басқа да құрылыстық нысандардың далдасында қалуда. Мұндай ахуалға алаңдаушылық білдірген басқарма басшылары облыс орталығында өрт бола қалған жағдайда төтенше жағдай орын алу мүмкіндігі туралы қала атқамінерлеріне ескерту жасады. Ал жоғалып кеткен гидранттардың орны қалай толтырылатындығы беймәлім.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть