«Мәселен, Түркия мен өзге мемлекеттер болашақта аталған бірлестіктің ассоциативті мүшелері бола алар еді. Сонымен бірге бұл мәселе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттердің айрықша құқығы болып табылады», — деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы одаққа Армения мен Қырғызстан қосылуды жоспарлап отырғандығын, ал тағы да бірқатар елдер бірлестікпен сауданы дамытуға қызығушылық танытқандығын жеткізді. Осы орайда Елбасы оны әрі қарай нығайту бойынша жұмыс істеу керектігін атап өтті.