ҚР 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының бірқатар жобалары ТРАСЕКА дамуы мүмкіндігіне қолғабыс болуы ықтимал - Ахметов - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының бірқатар жобалары ТРАСЕКА  дамуы мүмкіндігіне қолғабыс болуы ықтимал - Ахметов

ҚР 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясының бірқатар жобалары ТРАСЕКА дамуы мүмкіндігіне қолғабыс болуы ықтимал - Ахметов

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы аясында қарастырылған инфрақұрылымдық бірқатар жобалар ТРАСЕКА аймағы елдерінің транзиттік дамуына қолғабыс жасауы мүмкін. Мұндай пікірді бүгін ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының алтыншы отырысында ҚР көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 1005
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның жол көлік саласында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің халықаралық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл Орталық Азия мен Батыс Еуропа арасындағы ең қысқа жол болып, Қытайдан және Оңтүстік -Шығыс-Азиядан Еуропа мен Ресейге шығатын дәліз», — деп жобадан мысал келтірді С. Ахметов.

«Бұл учаскедегі Самара -Шымкент дәлізі еуропалық Е-30 және Е-40 көлік магистральдарын қосатын негізгі жол және Еуропа мен Ресейді Азиямен жалғастыратын дәліз. Ал Ақтөбе-Қызылорда-Үшарал-Достық ТРАСЕКА жолына толық сәйкес келеді», — деді ҚР ККМ басшысы.

Сонымен қатар, 2008-2018 жылдары Орталық-Азия аймағының көлік секторының экономикалық ынтымақтастық ұйымының қабылданған стратегиясына сәйкес, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Азиядағы алты ықтымақтастық дәлізінің негізгісі болып табылады.

ККМ басшысының пікірінше, Қазақстан территориясы арқылы ТРАСЕКА-ның жаңа бағытының негізін 2015 жылға дейін көлік стратегиясында құрылысы қарастырылған екі темір жол кұруы мүмкін (Қорғас — Жетіген, Бейнеу — Жезқазған). «Бұл жобалардың жүзеге асырылуы Қытай, Оңтүстік Шығыс және Орталық Азия, Иран, Кавказ, Еуропа арасында қолайлы транзит жағдайын құрып, жүк және жолаушы тасымал жолын 500 шақырымға қысқартуға болады», — деді С. Ахметов.

Министрдің пікірінше, Қазақстан, Түркіменстан және Иран арасындағы шойын жол құрылысы ТРАСЕКА дәлізі учаскелерін қайта қарастырып, жаңартуға мүмкін береді. Сондай-ақ, Еуропа елдері және Иран, Түркия мемлекеттері арасындағы транзиттік тасымал жағдайын айтарлықтай жақсартып, кейін оған Пәкістанда кіруі мүмкін.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, ҚР, Иран Ислам Республикасы мен Түркіменстан арасында Өзен-Қызылқая-Берекет-Этрек-Горган шойын жол құрылысын салу жөнінде меморандумға қол қойылған.

ҚР 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы ҚР президентінің жарлығымен 2006 қабылданған. Оның аясында құны $30 млрд инвестициялық ірі 80 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қаржының 70% инвестиция есебінен тартылу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті