Жарияланды: 720

ҚР әскерилерін әлеуметтік қорғауды күшейтетін заң қабылданды

Бүгін, 25-маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бұған дейін мәжілісте мақұлданған "Әскери қызметкерлер мен олардың отбасын әлеуметтік қорғау және олардың мәртебесі туралы ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі " заң жобасына сенат тарапынан енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

"Заң бойынша әскерилер мен олардың отбасын әлеуметтік қорғауға жұмсалатын қаржы көлемі шамамен 345 млн. теңгеге ұлғайтылды",- деп хабарлады мәжіліс депутаты Владислав Косарев. Оның айтуынша, әскери борышын шұғыл өтеуге шақырылған әскери қызметкерлер мен курсанттардың демалысқа шыққандағы азық-түлік қоржынының ақшалай өтемі мен қоныс аударатын әскерилердің жолға жұмсайтын қаржысының көлемі арттырылды. Регламентке сәйкес заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін