ҚР аумағына әкелуге және өткізуге тыйым салынған өнімдердің тізбесі жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР аумағына әкелуге және өткізуге тыйым салынған өнімдердің тізбесі жарияланды

ҚР аумағына әкелуге және өткізуге тыйым салынған өнімдердің тізбесі жарияланды

ҚР аумағына әкелуге және өткізуге тыйым салу бойынша санитариялық шаралар енгізілген өнімдердің тізбесі жарияланды.

  • 6 Қараша 2014
  • 502
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен хабарлады. 

«Аталған Комитет Кеден одағы техникалық регламенттерінің қауіпсіз тағам өнімдеріне сәйкес келмейтін өнімдерге тиым салу мен шектеу қою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр», делінген хабарламада.

Республиканың ішкі нарығына өнімдерді әкелу және қолдану бойынша шектеу санитариялық шаралары қолданылған өнімдердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады. 



Сондай-ақ, Комитет тағам өнімдерінің қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін өнімдерді өткізу мен қолдану бойынша кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында Кеден одағының кедендік шекарасында шиелініс жағдайын тудырмау мақсатында, аталған тізімді басшылыққа алуды ұсынады.