ҚР ауылшаруашылығы министрі екінші ауыл жылындағы міндеттерді айқындады
Бүгін, 6-ақпанда агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық кеңесінде сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов ауылды жаңғыртуға бағытталған үш жылдың екіншісінде жүзеге асырылатын міндеттерді айқындады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
А.Есімовтың айтуынша, "биыл агроазық-түлік бағдарламасы мен ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы сынды екі мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылады".
"Оларды жүзеге асыруға қажетті барлық жағдайлар жасалған" ,-деді ауылшаруашылығы министрі.
"Мемлекет қажетті барлық заңдық базаны жасап, үкімет заңдық актілерді қабылдады. Жоспарланған барлық шараларға қаржы қарастырылған. Ендігі кезекте оларды жүзеге асыру міндеті әкімдерге жүктеліп отыр",- деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін