Жарияланды: 400

ҚР Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып Талғат Қасенов тағайындалды.

Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында ҚР ИДМ кадр жұмысы департаментінің директоры М. Ирғалиев хабарлады. 

Қасенов Талғат Аманжолұлы Қарағанды облысында 1973 жылы 4 маусымда туылған.

Киев азаматтық авиация университетін инженер-механик мамандығы бойынша аяқтаған.
1996 жылдан бастап, азаматтық авиация жүйесінде жұмыс істейді.
2013 жылдан бастап, Азаматтық авиация комитетінде қызмет атқарады.
Соңғы жұмыс орны - ҚР ИДМ ААК сапа кепілдемесі басқармасының бас мемлекеттік инспекторы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін