Жарияланды: 750

ҚР БҒМ ата-аналар алдында онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді

ҚР БҒМ ата-аналар алдында онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі облыстық, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен

«1sabak.kz» («Ministerstvo» кабинеті) сайтында ата-аналар қоғамдастығының алдында  онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізеді. Бұл туралы ҚР БҒМ-нің сайтынан хабарлайды.

Тыңдаулар Премьер-министр орынбасарының 2015 жылғы 20 шілдеде № 20-5/05-1243 «Жалпы орташа білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыс туралы» кеңесіндегі хаттамалық тапсырмаларды орындау және ата-аналардың білім беру процесіндегі рөлін одан әрі күшейту мақсатында өтеді.

Қоғамдық тыңдаулардың мақсаты - ата-аналардың өскелең ұрпақтың азаматтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудағы рөлін белсендіру. Ашық баяндамаларды ұсынудың міндеттері - қоғамдық институттардың отбасы мен мектептің баланың жеке басын тәрбиелеудегі өзара ықпалдастығының негізгі стратегиялық бағыттарын шығару үшін күштерін біріктіру, ата-аналар қоғамдастығының республиканың білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелеу процесіндегі рөлін арттыру және білім беру мекемелерін басқару және білім беру процесінде ата-аналардың құқықтарын іске асыру.

Онлайн-шараның мақсатты аудиториясы - ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, педагогтар мен білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру бөлімдері мен басқармалары, аумақтық әкімдіктердің өкілдері, кәмелеттік жасқа жетпегендер және олардың құқығын қорғау ісі бойынша аумақтық комиссиялардың мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдері, БАҚ.  

Қоғамдық тыңдаудың өткізілуін іске асыру педагогтар мен ата-аналардың білім беру процесіндегі білім беру қажеттіліктері мен позицияларын шығаруға, отбасы мен мектептің тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағытын анықтауға, отбасы мен мектептің өзара ықпалдасуының шығарылған бағдарламаларының іске асырылуын талдау мүмкіндігін береді. Пікірталас ата-аналардың пікірін еске алып, тәрбие беру бағдарламаларына түзетулер енгізуге, отбасымен өзара ықпалдасудың нәтижелі әрі инновациялық үлгілерін үнемі іздеп отыратын педагогтардың мәртебесін өсіруге, педагогикалық тәжірибені жинақтау үшін жағдай жасау, мектеп өміріне белсенді қатысып жүрген ата-аналарды марапаттауға мүмкіндік береді.

Қатысушылар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күні тіркеледі (басталуына 15-30 минут қалғанда). Тыңдауларды жергілікті атқарушы органның өкілі ашады. Кеңес барысында орнатылған тәртіпке сәйкес ниет білдіргендердің бәрі сөз сөйлеп, баяндамашыларға сұрақтар қояды. Баяндамашылар қоғам өкілдерінің сұрақтарына жауап береді. 

Бірінші тыңдау өткізілетін күн: 2015 жылдың 4 қарашасы, сағат 11:00-де. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін