ҚР "Білім туралы" жаңа заңына сәйкес тұңғыш рет президент өкімімен еліміздің ұлттық университеттері мен академияларының ректорлары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР "Білім туралы" жаңа заңына сәйкес тұңғыш рет президент өкімімен еліміздің ұлттық университеттері мен академияларының ректорлары тағайындалды

ҚР "Білім туралы" жаңа заңына сәйкес тұңғыш рет президент өкімімен еліміздің ұлттық университеттері мен академияларының ректорлары тағайындалды

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының "Білім туралы" жаңа заңына сәйкес тұңғыш рет президент өкімімен еліміздің ұлттық университеттері мен академияларының ректорлары тағайындалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 760
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының 2008 жылғы 21 сәуірдегі жарлығымен бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілді», — деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Атап айтқанда, Бақытжан Жұмағұлов — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.

Бақытжан Әбдірайымов — Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан Республикасы парламентіндегі өкілдігінің басшысы қызметінен босатылды.

Серік Пірәлиев — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Тілектес Есполов — Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры лауазымына тағайындалды.

Жәния Әубәкірова — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Айман Мұсақожаева — Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры, Арыстанбек Әлиев — Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Айқан Ақанов — С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры болып тағайындалды.

Сонымен қатар, жарлықпен мемлекеттік жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасының президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, сондай-ақ олардың аттестаттаудан өту ережелері бекітілген.

«Жарлықтың жүзеге асуы білікті және кәсіби кадрларды таңдауды қамтамасыз ете отырып, бірыңғай және тиімді кадр саясатын жүргізуге, лауазымды адамдардың жоғары кәсіптік білім саласындағы мемлекеттік міндеттерді іске асыруға жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті