Бүгінгі таңда министрлік жоғары оқу орындарында аралық бақылау тәртібін енгізу саласында еңбек етуде. Соған сәйкес екінші курс бітірген студенттер арасында міндетті аттестациялау тәртібі енгізілмекші. Аттестациялау шарасын тәуелсіз сарапшылар комиссиясы жүзеге асыратын болады. Кездесу барысында мемлекет басшысы жоғары білім беру сатысынан кейінгі білім жетілдіру жүйесіне қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Сондай-ақ, бүгін ҚР ІІМ Қайырбек Сүлейменов Елбасына еліміздегі қазіргі оперативтік ахуал туралы, ҚР ІІМ-нің бірінші жарты жылдықтағы жұмыс қорытындысы және мекеме аясындағы жаңа тағайындаулар туралы есеп берді. Жұмыс бабындағы кездесу барысында сондай-ақ, ішкі істер министрі биылғы қыркүйек айына белгіленген халықаралық діндер құрылтайы мен алдағы мәслихат сайлаулары барысында құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеу бағытында жасалып жатқан алдын-ала шаралар туралы баяндап берді.