ҚР Білім және ғылым министрі мектеп оқушыларын Білім күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Білім және ғылым министрі мектеп оқушыларын Білім күнімен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі мектеп оқушыларын Білім күнімен құттықтады

Елордада №70 мектеп-лицейдің алғашқы қоңырауына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.

  • 1 Қыркүйек 2016
  • 611
Фото - Caravan.kz

«Жаңа оқу жылының басталғанымен шын жүректен құттықтаймын. Әр ата-ананың арман-мақсаты — өз балаларының дұрыстап оқып, білімді болып, білім мен ғылымның арқасында елдің елеулі азаматтары болып, есімдері елге танылғаны. Мемлекетіміз, Елбасы барлық жағдай жасап жатыр. Әр ата-ананың осы арманы орындалсын! Сәт сапар тілеймін!» — деді министр оқушылар мен ата-аналарға тілеген ақжолтай тілегінде.

Айта кетейік, елімізде биыл 1 қыркүйек күні 2,8 млн оқушы мектепке барады. Олардың 370 мыңы — алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер.

Қазақстанның барлық орта білім беру мекемелерінде Білім күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция күніне орай салтанатты түрде алғашқы қоңырау ұйымдастырылады, сондай-ақ бірыңғай «Мен — өз елімнің патриотымын» тақырыбында сабақ өтеді.


Жергілікті атқару органдарының мәліметіне сүйенсек, жаңа оқу жылы қарсаңында есігін ашқалы отырған мектептер саны — 7126. Жаңа оқу жылына дейін 60 жаңа мектеп пайдалануға берілу жоспарланған, ал 2016 жылдың соңына дейін 32 жаңа мектеп берілмек. 

Соңғы жаңалықтар