Жарияланды: 1500

ҚР білім және ғылым министрлігі 2015-жылға дейін білім беру жүйесін дамытуға арналған тұжырымдама жобасын жасап шығарды

ҚР білім және ғылым министрлігі 2015-жылға дейін білім беру жүйесін дамытуға арналған тұжырымдама жобасын жасап шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тұжырымдамада білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін қолданысқа енгізу көзделген. Бұл жүйе білім беру сапасы мен оқытушы-мұғалімдердің жұмысын бағалау көрсеткіштері мен ғылыми-негіздемелі әрі тиімді әдістемелерін жасап қолданысқа енгізуге негізделетін болады. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін қолданысқа енгізу білім беру сапасын арттыруға жағдай жасайды деп күтілуде. Осыған байланысты 2004-жылдан бастап мектеп түлектерін жаппай тестілеу түріндегі сыртқы тәуелсіз бағалау, сондай-ақ, екінші курс студенттерін орталықтандырылған тестілеу шарасынан өткізу тәртібін қолданысқа енгізу жоспарланған. Бұл тұжырымдама осы саладағы заңдар, қаржыландыру жүйесі, білім мазмұны, білім беру жүйесінің құрылымы, білім беру саласын басқару құрылымы, саладағы әлеуметтік және маман даярлау жүйесіне өзгерістер енгізуге арқау болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть