«Елімізде жұмыс істейтін жетекші мұнай компаниялары, соның ішінде шетелдік компаниялар да Шикізат өндіру саласындағы ашықтық жөніндегі бастамаға біріккен қазіргі жағдайда, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының дүниежүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің санатына кіру стратегиясын ескеру негізінде ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім-шарттарынан жер қойнауын пайдалану жөніндегі шарттардың моделі ретінде бас тартуды ұсынады», — деді Ғ. Жақыпов.
«Алдағы уақытта біз жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шарттарына концессия негізінде қол қоюды ұсынамыз, осы орайда тұрақтылық жөніндегі кепілдіктің негізінде бұған дейін қол қойылған Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім-шарттары күшінде болу мерзімі аяқталғанға дейін немесе заңінамада белгіленген тәртіппен қайта қаралғанға дейін күшінде болады», — деді ол.
«Бұл ұсыныстар үкіметтің қарауына ұсынылып отыр», — деді министрлік өкілі.
«Қазіргі жағдаймен Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім-шарттары бойынша салық салу жағдайы елімізде аса күрделі әрі ашық емес күйінде қалып отыр, оған себеп — триггерлер (көрсеткіштер) жүйесінің қолданылуында. Бұлар жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерді тұрақты аударып отыруына декларативті түрде кепілдік бергенімен, іс жүзінде өтелетін шығындарды реттеу жолымен салықтар көлемін ең төменгі деңгейге дейін азайта көрсетуге мүмкіндік береді», -деп түсіндірді Ғ.Жақыпов министрліктің аргументтерін.
«Бұған қоса жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы төлемдердің мөлшері, соның ішінде Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім-шарты бойынша Қазақстан Республикасыныі үлес мөлшері шарт жасасу барысында анықталады, ал бұл субьективизмнің әсерін жоймаумен қоса сыбайлас жемқорлыққа ыңғайлы жағдай жасайды, ал еліміз бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жөніндегі барлық модельдер бойынша салық ауыртпалықтарының деңгейі жаппай бірдей болуға тиіс», — деді ол.
Ғ. Жақыпов осы орайда Қазақстанда қазір жер қойнауын пайдаланушыларға салық екі модель бойынша салынатынын еске салды. Олардың біріншісінде жер қойнауын пайдаланушалардың Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім-шарты бойынша Қазақстан Республикасының үлесінен басқа, Салық кодексіне сәйкес белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуіге тиіс екендігі қарастырылған. Ал екінші модельде жер қойнауын пайдаланушылардың Өзара өнім бөлісу жөніндегі шарт бойынша үлесін төлеу, сондай-ақ, экспортқа шығарылатын мұнай мен газ конденсатына салынатын ренттік салық, роялти, шикі мұнай мен газ конденсатының акциздері, үстеме пайдадан алынатын салық, жер салығы мен мүлік салығын қоспағанда басқа да барлық салық түрлері мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу қарастырылған.
Ғ. Жақыповтың нақытылауынша, бұл ұсыныс басқа да ұсыныстармен бірге ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың бұйрығымен құрылған экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың басқаруындағы жұмыс тобында қаралатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті