ҚР экономикасында жұмыспен қамтылғандар саны жылына 0,6%-ға артты - ҰЭМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР экономикасында жұмыспен қамтылғандар саны жылына 0,6%-ға артты - ҰЭМ

ҚР экономикасында жұмыспен қамтылғандар саны жылына 0,6%-ға артты - ҰЭМ

Қазақстан экономикасында жұмыспен қамтылғандар саны сәуір айында жылына 0,6% өсіммен 8,6 млн. адамды құрады,  деп хабарлайды www.primeminister.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

  • 13 Мамыр 2015
  • 588
Фото - Caravan.kz

«Республика экономикасында 2015 жылғы мамырда, бағалау бойынша 8,6 млн адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 48,6 мың адамға немесе 0,6%-ға көбейді», — делінген хабарламада. 

Оған қоса, жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,1 млн адамды немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 71,2% құрады.

«2015 жылғы I тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 76,5%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар — 23,5% құрады», — деп нақтылады Статистика комитетінде.

Бұдан өзге, статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылғы мамырда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 455,6 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2015 жылғы сәуір айының соңына 63,8 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады.