Жарияланды: 420

ҚР экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы Прага клубының 24-мамырда Варшава қаласында өтетін отырысына қатысады

2004-жылдың 24-26 мамыры күндері Варшава қаласында Прага клубы мүшелерінің бас қосуы өтеді. Онда экспорттық несиелерді сақтандыру, сақтандыру өнімдерін дамыту, сондай-ақ, экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі агенттіктерді институционалдық тұрғыда нығайту мәселелері сарапқа салынады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақстанның экспорттық несиелері мен инвестицияларын сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы" АҚ-ның баспасөз қызметінен

хабарлады. Кездесуге шетелдерге берілетін несиелерді сақтандыру мәселесімен айналысушы әлемдік 30-дай ұйым, соның ішінде "Қазақстанның экспорттық несиелері мен инвестицияларын сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы" АҚ мен "OECD" және Әлемдік банк сынды бірқатар халықаралық ұйымдар қатысады. Прага клубы - дүниежүзіндегі экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі таяуда ғана құрылған жаңа ұйымдарды біріктірген қауымдастық. Клуб экспорттық несиелерді сақтандырушы ұйымдар арасында өзара тәжірибе және ақпарат алмасуға, екі жақты қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді. "Қазақстанның экспорттық несиелері мен инвестицияларын сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы" АҚ Берн Одағы аясындағы Прага клубына 2004-жылы бақылаушы ретінде қабылданған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін