ҚР ЭМРМ мен Салық комитеті үлгілік шартқа және жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын салықтық сараптамадан өткізу ережесіне енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ЭМРМ  мен Салық комитеті үлгілік  шартқа және жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын салықтық сараптамадан өткізу ережесіне енгізілетін өзгерістердің жобасын  әзірлеуде

ҚР ЭМРМ мен Салық комитеті үлгілік шартқа және жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын салықтық сараптамадан өткізу ережесіне енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеуде

Астана. 6-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Салық комитеті қазіргі уақытта жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен үлгілік келісімшартқа және жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын салықтық сараптамадан өткізу ережесіне енгізілетін өзгерістердің жобасын дайындап жатыр. Бұл туралы кеше KazEnergy" қауымдастығының салық салу және заң шығару жөніндегі ұйымдастыру кеңесінің отырысы барысында Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің салық саясаты және болжау департаментінің жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу басқармасының бастығы Ғалымжан Жақыпов мәлім етті, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Қараша 2007
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Бұлар шарт жасасуды реттейтін басты құжаттар», — деп атап көрсетті Ғалымжан Жақыпов.

Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бүгінгі заман талабына сай болмай қалған үлгілік келісім шартты өзгерту жұмыстарымен айналысуда. Ондағы көптеген жайттар бүгінгі нақты ахуалға сай емес», — деді ол.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің өкілі, нормативтік-құқықтық акт негізінде мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы құқықтық қатынастары белгіленетін бұрынғы үлгілік келісім шарт Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен 2001 жылдың 31 шілдесінде бекітілгендігін еске сала кетті.

Сондай-ақ, Ғалымжан Жақыповтың мәліметіне сүйенсек, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім шартын салықтық сараптамадан өткізу ережесіне өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізу үстінде. Оның айтуынша, қазіргі ереже 2001 жылдың 26-желтоқсанындағы үкімет қаулысымен бекітілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті