ҚР Энергетика министрлігі авиакеросиннің тапшылығына қатысты түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Энергетика министрлігі авиакеросиннің тапшылығына қатысты түсініктеме берді

ҚР Энергетика министрлігі авиакеросиннің тапшылығына қатысты түсініктеме берді

ҚР Энергетика министрлігі еліміздегі авиакеросиннің тапшылығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

  • 28 Қыркүйек 2017
  • 192
Фото - Caravan.kz

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЭМ Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов елімізде әуе отынына қатысты жағдай тұрақты екенін айтты.

«Қазіргі таңда елімізде 23 мың тонна авиакеросиннің қалдығы бар. Жалпы қордың мөлшері 15 күнге жетеді. Энергетика министрі Ресей Федерациясымен бірігіп, күн сайын (авиокеросиннің – автор) импортын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі таңда айдың басында 18 мың тонна авиакеросин әкелінді. Қосымша 8 мың тонна авиакеросин елімізге әкелінгелі жатыр», — деді ол.

Осы орайда директор елімізде авиарейстердің кешігуіне ешқандай себептердің жоқ екенін алға тартты.

«Біз Шымкент мұнай өңдеу зауыты (авиакеросинді өңдеу бойынша – автор) толық қуатқа көшірдік. Бұл бізге қосымша бір айда 10-12 тонна авиакеросин алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда авиабазадағы қор мөлшерлерін, авиакеросин өндірісі мен импорттық жағдайларды ескерсек, Энергетика министрлігі ретінде авиарейстердің кешігуіне ешқандай алғышарттарды көріп тұрған жоқпыз», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған «Air Astana» компаниясы Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарына жабылуына және Ресейден келетін әуе отының тасымалдануы төмендеуі салдарынан дағдарысқа ұшырағанын мәлімдеген болатын. Өз кезегінде ҚР Энергетика министрлігі бұл мәлімдеменің орынсыз екенін айтқан.


Соңғы жаңалықтар