ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі электр энергетикасының ұзақ мерзімді тарифтік саясатын дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі электр энергетикасының ұзақ мерзімді тарифтік саясатын дайындады

ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі электр энергетикасының ұзақ мерзімді тарифтік саясатын дайындады

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі электр энергетикасының ұзақ мерзімді тарифтік саясатын дайындады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Министрлік заңнамалық жағынан орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған бірқатар шараларды дайындап қамтамасыз етті. Сол арқылы қазіргі заң негіздемесі шешуге мүкіндік бермейтін ұзақ мерзімді тарифтік саясат мәселесін шешіп, белгілі бір тоқтамға келуге жағдай туындайды», — деді С. Мыңбаев.

Оның сөздері бойынша бұл жерде «заңнамалық базаға өзгертулер енгізу мәселесі айтылып отыр». «Біздің пікірімізше, олар 2015 жылға дейінгі тарифтік саясатты белгілеуге мүмкіндік береді «, — деп атап өтті министр.

«Бұл бір жағынан секторға жұмсалатын инвестицияны ұлғайту және үкіметтің инфляциялық процестерді реттеу жөніндегі тапсырмасы арасындағы белгілі бір ортақ шешім болатыны анық», — деп атап өтті С. Мыңбаев.

«Бұл салаға болашақта ғана мес, қазіргі кезде қомақты инвестициялар қажет», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті