ҚР елшісі Марат Тәжин Владимир Путинге сенім грамотасын тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР елшісі Марат Тәжин Владимир Путинге сенім грамотасын тапсырды

ҚР елшісі Марат Тәжин Владимир Путинге сенім грамотасын тапсырды

Бүгін Кремльде Ресейдегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Ресей Президенті Владимир Путинге сенім грамотасын табыс етті.

  • 27 Маусым 2014
  • 703
Фото - Caravan.kz

Сенім грамоталарын табыстау салтанатты рәсіміне 14 шетелдің елшілігі мен дипломатиялық миссия басшылары қатысты.

В. Путин өз сөзінде елшілерді РФ-дағы дипломатиялық миссияның басталуымен құттықтады, ол Мәскеу заманауи сын-қатерлер мен тәуекелдерге жауап беруде бейбіт қауымдастықпен бірлескен жұмысқа бейілді екендігін атап өтті.

Елшілері рәсімге қатысқан мемлекеттермен екі жақты қатынасқа тоқтала отырып,  В. Путин Қазақстанмен серпінді дамып келе жатқан ынтымақтастықты ерекше атап өтті.

 «Қазақстан Республикасы — біздің негізгі әріптесіміз және стратегиялық одақтасымыз. Екі жақты және халықаралық күн тәртібінің барлық спектрлері бойынша Қазақстанмен өзара қатынастың ашық және сенімді сипатын жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті РФ президенті.

«21 ғасырдағы көршілік пен одақтастық туралы Ресей мен Қазақстан арасындағы шартта айқындалған барлық бағыттар бойынша Астанамен ынтымақтастықты арттыруға ниеттіміз, — деді В. Путин. — Біздің ортақ мүддеміз — Еуразиялық интеграция, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылатын Еуразиялық одақ қалыптастыру үрдістерін алға жылжыту». 


Сондай-ақ, Ресей Қазақстанмен өзара қатынастың ашық және сенімді сипатын жоғары бағалайды, — деді Ресей Президенті.