ҚР индустрия және сауда министрінің қатысуымен өткен Қызылорда облысының белсенділерінің жиналысында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР индустрия және сауда министрінің қатысуымен өткен Қызылорда облысының белсенділерінің жиналысында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды

ҚР индустрия және сауда министрінің қатысуымен өткен Қызылорда облысының белсенділерінің жиналысында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды

Қызылорда. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР индустрия және сауда министрі Владимира Школьниктің қатысуымен өткен Қызылорда облысының белсенділерінің жиналысында шағын және орта бизнесті дамыту және Арал маңының инфрақұрылымын жақсарту мәселелері қаралды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Сәуiр 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Қазір ұлттық компаниялардың профильді емес кәсіпорындарының қызметін бәсекелес ортаға, яғни шағын және орта бизнеске беру жөніндегі «Самұрық» қорының ұсынысы нақтыланып жатыр», — деп хабарлады министр.

Қазір өңірде шағын бизнестің 3445 кәсіпорны жұмыс істейді. Барлығының негізгі проблемасы — несиелендіру. Биыл облыстық бюджеттен кәсіпкерлерді қолдауға 250 млн теңге бөлінген.

«ҚР үкімет басшысының шешімімен кәсіпкерлер кездесетін бюрократиялық бөгетті жою үшін жұмыс тобы құрылғаны белгілі», — деп мәлімдеді В. Школьник.

Жиналыста сондай-ақ, Қызылордада әйнек зауытын салу мәселесі айқындалды. «Жақында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың Қытайға жасаған сапарында ҚХР премьерімен осы кәсіпорынды салу жөніндегі келісімге қол қойылды. Қаржыландыратын Қытайдың «Эксимбанкі». Әйнек зауыты бірлескен 40 жобаның қатарына енгізілген», — деп түсіндірді Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары барысында В. Школьник «РУ-6» ЖШС, сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының «Еркөл» уран кенішін аралап көрді. Министр кеніштің кеңею барысымен және Жаңақорған ауданындағы Шалқия кен орынындағы мырыш-қорғасын кен байыту фабрикасының құрылысымен танысты. Құны 230 млн АҚШ доллары болатын бұл жоба «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасына енгізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті