«Қазақстанда өндірілетін секілді шетелдік өнімдердің импортын шектеу үшін шетелдік өнімдерді енгізудің кедендік баж салығының ставкасын өзгерту жөнінде ұсыныстар ойластыру орынды деп санаймыз», — деді Е. Мамытбеков.
«Біз сонымен бірге отандық тауар өндірушілерге жан-жақты ақпараттық қолдау көрсетіп, оларға жер қойнауын пайдаланушылардың ірі көлемде тауар, қызмет және жұмыс сатып алу жөніндегі бес жылға дейінгі жоспары жайлы мәліметтер беріп отырмақшымыз, бұл мейлінше тиімді маркетингтік саясат жүргізуге көмектесер еді», — деді ол.
Бұған қоса, вице-министрдің пікірінше, Қазақстанның үлесін дамыту жөнінде бірлескен жоспар жасау үшін жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық өнім өндірушілер арасында ынтымақтастық орнату қажет, бұл «Қазақстандық тауар сатушылардың байқауларға жоғары деңгейде қатысуына мүмкіндік беріп, жасанды жолмен сатып алуға шектеу қою мүмкіндігін жояды».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті