ҚР Индустрия және сауда министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға жоспарлап отырған сатып алулары жөніндегі ақпарат беру жөніндегі талапты күшейтуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Индустрия және сауда  министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға жоспарлап отырған сатып алулары жөніндегі ақпарат беру жөніндегі талапты күшейтуді ұсынады

ҚР Индустрия және сауда министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға жоспарлап отырған сатып алулары жөніндегі ақпарат беру жөніндегі талапты күшейтуді ұсынады

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға жоспарлап отырған сатып алулары туралы ақпарат беру жөніндегі талапты күшейтуді ұсынады. Бұл туралы бүгін "Жер қойнауын пайдалану нарығындағы Қазақстан үлесін дамыту" атты бас қосу барысында индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Мамыр 2008
  • 648
Фото - Caravan.kz

«Біз жер қойнауын пайдаланушыларға жоспардағы сатып алулары жөніндегі ақпаратты толық беру жөніндегі талапты күшейту орынды деп санаймыз, ондай ақпарат шикізат өндіруші компаниялардың тауар, жұмыс және қызметке деген сұранысын паш етеді», -деді Е. Мамытбеков.

«Осыған байланысты ҚР Индустрия және сауда министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушыларды келісімдерде көрсетілген шарттарға сай тіпті кеніштерді игеру жөніндегі келісім-шарттарын бұзуға дейін жауапкершілікке тарту жөнінде коллегиялық шешім қабылдау мүмкіндігін қарастырмақшы», — деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, «заң бұзушы жер қойнауын пайдаланушылар туралы тиісті ақпараттық анықтама президент әкімшілігі мен үкіметке тапсырылады, тиісінше олар тауар, жұмыс және қызмет сатып алу жөніндегі жылдық бағдарламасы мен сатып алулары туралы есеп бермеген жер қойнауын пайдаланушыларға қатытсы нақты шара қолданады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті