ҚР Индустрия және сауда министрлігінің басты мақсаты - әлемдік дағдарыстың ел экономикасына әсерін мейлінше азайту - Школьник - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Индустрия және сауда министрлігінің басты мақсаты - әлемдік дағдарыстың ел экономикасына әсерін мейлінше азайту - Школьник

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің басты мақсаты - әлемдік дағдарыстың ел экономикасына әсерін мейлінше азайту - Школьник

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің басты мақсаты - әлемдік дағдарыстың ел экономикасына әсерін мейлінше азайту. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Владимир Школьник мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қараша 2008
  • 393
Фото - Caravan.kz

«Кейінгі екі айда экономикадағы ахуал біршама өзгерді, сол себепті біздің бар күш-жігеріміз елде әлеуметтік -экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталуға тиіс, яғни біз әлемдік дағдарыстың ел экономикасына әсерін мейлінше азайтуға тиіспіз. Біз қандай жағдайда да жұмыс орындарын жоғары деңгейде сақтап, шамамыздың келгенінше оны ұлғайта түсуге тиіспіз. Қазақстанда әлемдік дағдарыстың әсері тиеді деп күтілген ірі компаниялармен меморандумдарға қол қою кезеңі басталды. Олармен жұмыс орындарын сақтау, жаңа өндірістер ашу, жалақыны сақтау жөнінде келісімдер жасалуда. Бұл жұмысты жалғастыра беру керек «, — деді В. Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар