ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов генерал-полковник атағын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов генерал-полковник атағын алды

ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов генерал-полковник атағын алды

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа полиция генерал-полковнигі атағы берілді.

  • 6 Мамыр 2015
  • 1257
Фото - Caravan.kz

Бұндай Жарлыққа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, жуырда өз лауазымына қайта тағайындалған ІІМ басшысы Қ.Қасымов бұған дейін полиция генерал-лейтенанты болған.

Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы мынандай Мемлекеттік наградалармен наградталған: 2-ші дәрежелі «Данқ» ордені, «Астана» медалімен, "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін", "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері", "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтой медальдары, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі.

2011 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымында.