ҚР ККМ шілденің соңына дейін барлық жолаушы тасмалдау кемелерін тексеріп шығады
ҚР көлік және коммуникация министрлігі (ККМ) шілденің соңына дейін барлық жолаушылар кемелерін тексеріп шығады. |
«Ресейде орын алған соңғы қайғылы оқиғалардан кейін, комитет (көліктерді бақылау – ҚазТАГ) ағымдағы жылдың 27-ші шілдесіне дейін барлық кемелерді (жолаушылар тасымалдайтын – ҚазТАГ) қауіпсіздік талаптарына сай келетіндігіне жоспардан тыс тексерістен өткізеді», - деп комитет төрағасы Әділет Берменқұлов бейсенбі күні ККМ-де өткен кеңесте мәлім етті.
Комитет төрағасының орынбасары Әсет Асаубаев журналистерге түсіндіргендей, кемелерді жоспардан тыс тексеруде оларда тиісті кеме құжаттарының барлығы, құтқару жабдықтарының барлығы және экипаж құрамы тексеріледі.
Сондай-ақ барлық кеме иелерінің қатысуымен Ақтауда Каспийдегі кеме жүзу қауіпсіздігіне арналған кеңес өткізу жоспарлануда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін