Жарияланды: 500

ҚР Конституциялық кеңесі "БАҚ туралы" заңның ҚР Ата заңына сәйкестігін сараптауға кірісті

Бүгін, 16-сәуірде ҚР Конституциялық кеңесі "БАҚ туралы" заңның ҚР Ата заңына сәйкестігін сараптауға кірісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "БАҚ туралы" жаңа заңның жобасы бір жылдан бері талқылануда. Құжатқа Қазақстан журналистері конгрессінің, Азаматтық қоғамды дамыту және оны одан әрі демократияландыру жөніндегі ұсыныстар дайындаушы тұрақты кеңестің, сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көптеген ұсыныстары енгізілді. 2004-жылдың 18-наурызында парламент "БАҚ туралы" заңды қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберді. Аталмыш заңның маңызын ескерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оны 31-наурызда Конституциялық кеңеске ҚР Ата заңына сәйкестігін сараптауға жолдады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін