ҚР Мәдениет және ақпарат министрiмен кездесуде екi ел арасындағы ғылыми және мәдени қарым-қатынас мәселелерi талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.28
  • 537.53
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мәдениет және ақпарат министрiмен кездесуде екi ел арасындағы ғылыми және мәдени қарым-қатынас мәселелерi талқыланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрiмен кездесуде екi ел арасындағы ғылыми және мәдени қарым-қатынас мәселелерi талқыланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Индонезияның Бiлiм және мәдениет министрi Мұхаммед Нұх арасындағы кездесуде Қазақстан мен Индонезия арасындағы ғылыми және мәдени қарым-қатынас мәселелерi талқыланды.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 487
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн Астанада Индонезияның мәдениет күндерiнiң ашылуына арналған гала-концертте Индонезияның Бiлiм және мәдениет министрi Мұхаммед Нұх мәлiм еттi.

"ҚР Мәдениет және ақпарат министрiмен кездесуде бiз екi ел арасындағы ғылыми және мәдени қарым-қатынас мәселелерiн талқыладық", — дедi М.Нұх.

"Сонымен қатар бiз ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесiп, экономика және әлеуметтiк саладағы өзара байланыс мәселелерiн ортаға салдық", — дедi ол.


Айта кетейiк, бүгiн, дүйсенбi күнi Астанада Индонезияның мәдениет күндерiнiң ашылуына арналған гала-концерт өткен болатын. Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Индонезия Бiлiм және мәдениет министрi Мұхаммед Нұх қатысты.