Жарияланды: 920

"ҚР мәслихат депутаттарының Қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі құрылды

"ҚР мәслихат депутаттарының Қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі құрылды. Бұл туралы республикалық қауымдастық төрағасы Ғалым Байтұқ Семейде маслихат депутаттарының қатысуымен өткен конференцияда мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Конференцияға қалалық, аудандық маслихат депутаттары мен маслихат хатшылары қатысты. Кездесуде сөз алған Ғ.Байтұқ жаңа бөлімшенің міндеттері -депутаттардың мәртебесін көтеру, мәслихатаралық байланыстар орнату, депутаттық корпустың өз қызметтеріне қатысты мүмкіндіктерін кеңейту мақсаттарына тоқталды. Оның айтуынша, 2 аудандық мәслихат сессияларында бір мезгілде бір мәселеге қатысты бір-біріне кереғар 2 түрлі шешім шығарылады. Бұл "мәслихаттар арасындағы ақпарат алмасу мен байланыстың жоқтығына қатысты болып отырған жағдайлар",- деді ол. Конференцияда жергілікті бөлімшенің басқару органы сайланып, бөлімше төрағасы тағайындалды. Сонымен бірге депутаттар бірлестігінің ІІІ республикалық конференциясы делегаттарының тізімі жасалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін