ҚР мемлекет басшысының жарлығымен жаңа үкімет мүшелері тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мемлекет басшысының жарлығымен жаңа үкімет мүшелері тағайындалды

ҚР мемлекет басшысының жарлығымен жаңа үкімет мүшелері тағайындалды

ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің бірқатар жаңа мүшелерін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне президенттің баспасөз қызметінен.

  • 17 Маусым 2003
  • 680
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, индустрия және сауда министрлігін Әділбек Жақсыбеков, қаржы министрлігін Ерболат Досаев, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігін Гүлжан Қарағұсова, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігін Мұхтар Құл-Мұхаммед, әділет министрлігін Оңалсын Жұмабеков, денсаулық сақтау министрлігін Жақсылық Досқалиев басқаратын болды.

ҚР үкімет басшысының кеңсесін басқару міндеті Алтай Тілеубердинге, президенттің іс басқарушысы міндеті Сарыбай Қалмырзаевқа жүктелді. ҚР қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып Болат Өтемұратов тағайындалды.
Ораз Жандосов ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттігін басқаратын болды.
Темірхан Досмұхамбетов Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Бүдан былай Астана әкімі ҚР үкіметінің мүшесі болып табылады.
Ал Кәрім Мәсімов пен Мәжит Есенбаев Елбасының кеңесшісі болып тағайындалды.
Бауыржан Мұхамеджанов президент әкімшілігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал Қозы-Көрпеш Кәрбозов Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып бекітілді.