Владимир Фоос, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
-Сәрсенбай Еңсегенов – Атыраудан, Сергей Плотников – Шығыс Қазақстаннан, Ерболат Мұқаев – Батыс Қазақстаннан, Михаил Бортник – Маңғыстау облысынан сайланған. Жалпы кандидаттардың ең жасы 37-де, ал ең үлкені 66-ға келген. Үміткерлердің барлығы Конституциямыздың талаптарына сай тексеруден өтіп жатыр.
14 адамды мәслихаттар ұсынса, тағы 65-і өз еркімен өтініш берген. Үміткерлердің арасында небәрі төртеуі ғана әйелдер екен. Бірақ бұл үміткерлердің нақты тізімі емес. Сайлауға ұсыныс беру тамыздың соңына дейін, ал тіркеу қыркүйектің 11-не дейін жалғасады. Сондықтан қатысушылардың саны әлі талай өзгеруі мүмкін. Естеріңізге салсақ, Сенаттың 2008 жылы сайланған депутаттарының құзіреті аяқталуына байланысты биыл 1 қазанда қайта сайлау өтпек. Ол үшін бюджеттен 136 миллион, яғни әр азаматқа 395 мың теңгеден бөлінді. Бұл қаржы үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жүргізуіне жұмсалады. Қазір Жоғары палатада 47 депутат бар, оның 15-ін Президент тағайындаса, қалғаны сайланады.