ҚР парламенті сенатының төрағасы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басшысы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау мүмкіндігін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР парламенті сенатының төрағасы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басшысы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау мүмкіндігін талқылады

ҚР парламенті сенатының төрағасы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басшысы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау мүмкіндігін талқылады

Бүгін 6-сәуірде Алматыда ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Болгария сыртқы істер министрі Соломон Пассидің өзара кездесуінде Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау мүмкіндігі талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Сәуiр 2004
  • 326
Фото - Caravan.kz

С.Пассидің айтуынша, «соңғы 10 жылда Қазастанның заңнама саласындағы өзгерістер, жер реформасы, өлім жазасына мораторий жариялау тәрізді көптеген салалардағы ілгерілеушіліктерін көріп, бәріміз көзайым болып отырмыз».

«Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы өзара ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Біз мұндай ынтымақтастыққа қашан да дайынбыз»,- деді С.Пасси.
Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау мүмкіндігіне тоқталған С.Пасси «болашақты дәл қазір тап басып бағалау қиын, неге десеңіз, сайлау 2007-жылдың желтоқсан айында өтетіні белгілі. Сайлауға дейін әлі дебір жарым жыл бар. Қазақстанды табысты кандидаттардың бірі ретінде дайындауға бұл жеткілікті мерзім деп білемін»,- деді.
Ал Н.Әбіқаев «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі өзара ынтымақтастық әр мемлекет үшін тиімді бағытта одан әрі өрбиді» дегенге сенім білдірді.