Жарияланды: 600

ҚР парламентінің бюджет қалыптастыру және оны жұмсау барысын қадағалау, аудиттік тексеру және ревизия жүргізуге құқығы жоқ - мәжіліс депутаты

"Бюджет қалыптастыру және оны жұмсау барысын қадағалау, аудиттік тексеру және ревизия жүргізуге ҚР парламентінің құқығы жоқ". Бүгін, 8-сәуірде Алматыда өткен "Парламент тарапынан мемлекеттік кіріске тиімді бақылау қою үлгілері" тақырыбындағы ашық форумда мәжіліс депутаты Ғани Қасымов осындай пікір білдірді.

Ғ.Қасымовтың айтуынша, "ҚР ата заңына сәйкес, парламент үкімет тарапынан ұсынылған бюджет жобасын бақылау құқығынсыз, ауыз ашпастан ләббайлап бірден қабылдайды". "Ата заң бойынша бізде парламентке жасанды бақылау құқығы берілген, бірақ ол үшін қажетті тетіктер қалыптаспаған. Конституцияға осындай тетіктерді енгізу керек",- деді Ғ.Қасымов. Мәжіліс депутатының ақпаратына сәйкес, "батыс елдерінде парламент тәуелсіз аудиттік тексеру шақыра алады. Ал бізде ондай құқық жоқ. Бюджеттен тіпті мұндай көрсеткішті таба алмайсыз. Ал Батыста болса, әрбір депутат ел бюджетіне қатысты күдік туындаған жағдайда, сұрақтарына жан-жақты жауап беретін тәуелсіз сарапшыларды шақыра алады". "Қазақстанда да осындай нормалар қалыптастырып, парламенттің функцияларына қатысты ахуалды өзгерпеген жағдайда, оларды күшейтіп, инфрақұрылымды дамытпаған жағдайда парламенттен тиімділік күтудің қажеті жоқ",- деді ол. "Қазастандық депутаттар бюджетке қатысты мәселелерді тек жалпы отырыстарда ғана талқылай алады. Ал оның қалтарыстарына үңілуге шамасы жетпейді". Ғ.Қасымовтың айтуынша, "Қазақстан парламентіне қоғам тарапынан қойылған проблемалық сауалдарға 60 процент қана жауап беретін заң жобалары келіп түседі. Ал парламенттің қолынан келетіні - оның тиімділігін небәрі 10 процентке арттыру" . Мәжіліс депутатының айтуынша, "демек, Қазақстандағы заңдардың сапалық көрсеткіші 70 проценттен аспайды деген сөз".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін