ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың ресми сайты жұмыс істей бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың ресми сайты жұмыс істей бастады

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың ресми сайты жұмыс істей бастады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың www.primeminister.kz ресми сайты жұмыс істей бастады, деп хабарланды министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметінен.

  • 6 Қараша 2012
  • 451
Фото - Caravan.kz

Сайтта Үкімет басшысының қызметі жөнінде толық әрі жедел ақпарат беріледі. Сайттың бөлімдері (тараулары) фото және бейнематериалдар мұрағаттарынан тұрады, сондай-ақ баяндамалар мен сөз сөйлеулер, ресми құжаттардың көшірмелері, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру барысы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары қамтылған. Сайтта Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің өмірбаяндары ұсынылған.

Оған қоса интернет-ресурсте Үкімет отырыстары мен басқа да шаралардың онлайн-көрсетілімі ұйымдастырылатын болады. Сайттың ыңғайлы навигациясы қажетті ақпаратты тез арада тауып беруге көмектеседі.

ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты тәулік бойына жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар