ҚР Президенті Ақтөбе облысындағы бірқатар мембағдарламалардың орындалуын сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті Ақтөбе облысындағы бірқатар мембағдарламалардың орындалуын сынға алды

ҚР Президенті Ақтөбе облысындағы бірқатар мембағдарламалардың орындалуын сынға алды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына сапары барысында «СНПС «Ақтөбемұнайгаз» АҚ өкілдерімен кездесу барысында аймақтағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын сынға алды.

  • 23 Маусым 2014
  • 471
Фото - Caravan.kz


Елбасы атап көрсеткен олқылықтардың арасында тау-кен өнеркәсібіне қарағанда өңдеуші өнеркәсіптің ақсап тұрғаны, ауылдық жерлерде шағын бизнестің баяу дамуы, аудандарда тұрғын үйлерді жаңарту, ауыл шаруашылығының кенже дамуы, апатты жағдайдағы мектептер бар.

«Ақтөбе облысы экономикасының негізін тау-кен өндіру саласы құрайды. Еліміз үшін Ақтөбе облысы үлкен маңызға ие, сондықтан облыс әкіміне және атқарушы органдарға қатаң талаптар қойылады. 90-жылдардың басында тау-кен өндірісі 72 пайызды, ал өңдеуші өнеркәсіп саласы 68 пайызды құраған еді. Біз жұмыс жасап, жаңа нысандарды пайдалануға беріп жатырмыз, бірақ бәрі керісінше болып отыр: тау-кен өндірісі — 78 пайыз, ал өңдеуші өнеркәсіп саласы 22 пайызға дейін құлады», — деді Президент аймақ басшысына қарата айтқан сөзінде.

Мәселен, индустрияландыру картасы бойынша пайдалануға берілген 11 нысан толық күшіне енген жоқ.
«Биылдан бастап тау-кен өндірісіне қарағанда өңдеуші өнеркәсіп оза дамитын болады. 11 жобадан 6 жоба қалды, қалған мәселелер шешілуде, бүгінгі таңда тоқтап тұрған ешқандай өндіріс ошағы жоқ», — деп жауап берді әкім.

«Барлық жобалар жұмыс жасап тұр, бірақ 5-10 жобаның жағдайы қиын. Бұлардың ішінде 6 кәсіпорын 25-30 пайыздық қуаттылық деңгейіне жетті, жағдай экономиканың тұрақты деңгейге көшуімен оңалуы тиіс», — деді индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.

Сондай-ақ, Президент облыстағы субсидияланған шағын және орта бизнестің 80 пайызы ауылды жерлерге емес, облыс орталығына тиесілі екендігіне мән берді. Аймақта ауыл шаруашылығы кенже даму үстінде. Облысқа ішіп-жем өнімдері импортталуда — тек 3 жыл ішінде облысқа 800 млн.долларлық азық-түлік өнімі импортталған.