Жарияланды: 680

ҚР президенті бірқатар жоғары шенді әскерилерге әскери атақтар берді

Бүгін, 13-желтоқсанда, Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы өз сарайында "әскери борышы мен қызметін үлгілі атқарғандығы және елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайтудағы жетістіктері және заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі еңбектері үшін" бірқатар әскери қызметкерлерге жоғары әскери атақтар берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ішкі істер бірінші вице-министрі Иван Отто полиция генерал-лейтенанты дәрежесін алды. Ал ҚР Қарулы Күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы Болат Дарбеков, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Солтүстік" аймақтық командованиесінің бастығы Талғат Есетов, "Шығыс " аймақтық командованиесінің бастығы Әбдіразақ Ілиясов, ҚР Қарулы Күштерінің тылдағы әскер бастығы Қажығали Мұқатов, ҚР Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің орталық қолбасшылық бөлімінің бастығы Хайреддин Рысқалиев және Руслан Жақсылықов, Сейітжан Қойбақовтар генерал-майор әскери шенін иеленді. Ал Қаржы полициясы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ибраимов қаржы полициясының генерал-майоры шеніне ие болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін