ҚР президенті Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы құжаттарға 26-желтоқсанда қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы құжаттарға 26-желтоқсанда қол қояды

ҚР президенті Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы құжаттарға 26-желтоқсанда қол қояды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украина тәрізді төрт мемлекеттің аумағында Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы құжаттарға ертең, 26-желтоқсанда қол қояды. Бұл туралы мемлекет басшысы бүгін, 25-желтоқсанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 26 Желтоқсан 2003
  • 423
Фото - Caravan.kz

«Бұл құжатқа ертең Лукашенко екеуіміз қол қоямыз»,- деді Н.Назарбаев. Оның айтуынша, Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы келісімді бекіту 2004-жылдың қаңтар айына белгіленген.

Қазақстан президенті Біртұтас Экономикалық Кеңістік құрудағы басты алғышарттардың бірі ортақ тарифтерді белгілейтін ұлттық деңгейден мәртебелі орган құру болмақ. «Бұл тәуелсіз орган болады»,- деп атап көрсетті ол.
Н.Назарбаевтың пікірінше, Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру «өзара интеграцияның бұрынғыдан мүлдем өзгеше, жоғарғы деңгейіне көтерілуді меңзейді».
«Бұл — уақыт талабы, ғаламдастырудың талабы. Басқаға өз нарығын ашпай тұрып бірде-бір өндіріс, бір де мемлекет өсіп-өркендей алмайды»,- деді Елбасы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Біртұтас Экономикалық Кеңістік бойынша ел үкіметтеріне берілетін бірлескен тапсырмаға В.Путин мен Л.Кучма кеше Керчь қаласында өткен кездесуде қол қойды.
Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімді Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан президенттері қыркүйек айында Ялтада өткен кездесуде өз қолдарымен бекіткен. Ал желтоқсан айының басында төрт мемлекеттің вице-премьерлері кіретін жоғары деңгейдегі топ Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі негізгі шаралар жоспарын келісті.

Соңғы жаңалықтар