ҚР президенті есірткі трафигіне қатысты халықаралық тергеу жүргізуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті есірткі трафигіне қатысты халықаралық тергеу жүргізуді ұсынады

ҚР президенті есірткі трафигіне қатысты халықаралық тергеу жүргізуді ұсынады

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекеттері әлемдегі есірткі трафигінің көздерін анықтау үшін БҰҰ-ға жүгінуі тиіс, деп есептейді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 15 Маусым 2011
  • 447
Фото - Caravan.kz

«ШЫҰ елдері жиынтық ұсыныспен БҰҰ басшылығы мен Гаага трибуналына шығуы тиіс деп ойлаймын. Халықаралық тергеу жүргізіп, адамзатқа қарсы осы қылмысқа қатысы бар барлық ұйымдар мен персоналарды жауапкершілікке тарту керек», — деді ол сәрсенбі күні ШЫҰ мерейлі саммиті барысында.

Н. Назарбаевтың мәліметтерінше, соңғы 10 жылда ауғандық героин мен есірткі трафигі ондаған есеге артып отыр.

«Әрине, адамзатқа қарсы осы сорақы қылмыстың қайнар көзі мен себептері Ауғанстаннан тыс жақта екені түсінікті де», — деді ҚР президенті.

Соңғы жаңалықтар