ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы елімізде медициналық оңалтуды жандандырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы елімізде медициналық оңалтуды жандандырып жатыр

ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы елімізде медициналық оңалтуды жандандырып жатыр

«Шипажай» форумын Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы төртінші жыл қатарынан өткізеді. Бұл тұрақты халықаралық алаң, оған бүкіл дүниежүзінен мамандар қатысады және Қазақстанда медициналық оңалтудың ауқымды мәселелерін шешуге көмектесе отырып, кәсіби тәжірибелерімен бөліседі.

  • 18 Сәуiр 2019
  • 29
Фото - Caravan.kz

«Медициналық оңалту форумның басты тақырыбы ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен бірге бізге жаңа тарифтік саясатты есепке ала отырып, санаторийлік-курорттық саланы одан әрі дамыту мәселесін шешу қажет» — деді Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой.

Өкінішке қарай, бүгінде біздің елімізде қалпына келтіру емінің қажеттілігі аса жоғары болса да, емдеу бағдарламаларының міндетті бөлігі бола алмай отыр, жыл сайын операциядан кейін 400 000 мыңнан астам адам оңалтуға мұқтаж болады. Президенттік аурухана дәрігерлерінің үш жылдық зерттеулерінің нәтижесінде санаторийлік-курорттық және қалпына келтіру емдерінен өткен пациенттердің арасында жылына дәрігерлерге жүгіну саны 20%-ға төмендеген. «Медициналық нәтижелерден бөлек елеулі экономикалық нәтиже де бар, яғни жұмыс беруші қаржыны не еңбекке жарамсыздық парақтарына мүлде жұмсамайды, не ол төлемдер айтарлықтай қысқарады» — деп санайды зерттеу жүргізген авторлардың бірі – директордың ғылым жөніндегі орынбасары, Президенттік аурухананың онкологі Насрулла Шаназаров. Сонымен қатар, санаторийлердің қолжетімді болмауынан халықтың мүгедектік деңгейі өсуде, аурулардың асқыну қатері артуда.

Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығы осы мәселені ЖҮЙЕЛІ түрде шешуге мүдделлілік танытуда және бірнеше маңызды қадам жасалды:

1. Сапа:ҚР ПІБ МО санаторийлеріне EuropeSpa халықаралық аккредиттеуді (Қазақстанда алғаш рет) енгізу, оны сақтандыру компанияларының қолдауымен Дүниежүзілік сараптамалық комиссия әзірлеген. EuropeSpa–бұл сапа, қауіпсіздік пен сервис стандарттары, оған бүкіл әлем сенеді. Аккредиттеу қызмет көрсетудің құнына ешқандай әсер етпейді, бірақ клиенттің үмітін еселеп арттырады. Форумға EuropeSpa аккредиттеу саласында әлемдік деңгейдегі сарапшы Теодор Штофира қатысады.

2. Білім: Тәжірибе алмасу және ынтымақтастық.
Форумда Іс Басқармасының Медициналық орталығы Венгрия елшілігімен және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қояды.Туризмнің Швейцариялық кеңсесі мен Бурабай курортының арасында бірлескен құжатқа қол қою дайындығы жүріп жатыр, сонымен бірге Қазақстанның санаторийлерін консорциумға біріктіріп, еліміздегі клиникалармен меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде. Форумға Италия, Германия, Чехия, Түркия, Әзербайжан, Грузия, Литва, Ресей елдерінен үздік мамандар келеді.

3. Инфрақұрылым: Қазақстан азаматтарының санаторийлік-курорттық қажеттіліктерін ескере келе Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөнінде жұмыс тобы құрылды. Форум күндері жұмыс тобының жиыны өтеді.

4. Тәжірибе:Оңалтудың бірегей технологиясын әзірлеу.Технологиялардың бірі – пантомен емдеу – Медициналық орталықтың санаторийлерінде аурулар шоғырын емдеу, иммунитетті нығайту үшін табысты қолданылып келеді. Форумның қонақтары (журналистер) «Оқжетпес» санаторийіне экскурсия жасағанда әртүрлі сауықтыру ем-шараларын көріп, байқап қарай алады және шипагер жануарларды өсіріп жатқан марал шаруашылығын да көруге мүмкіндіктері бар.

*Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ұйымдар кешенінен тұрады, оның ішінде Президенттік клиника, Орталық клиникалық аурухана (Алматы қаласында), «Оқжетпес», «Алматы», «Қазақстан» (Ессентуки) санаторийлері, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, «Қарлығаш» балабақшасы бар. Іс Басқармасы Медициналық орталығының ұйымдары қазіргі заманғы технологияларды енгізумен, ғылыми зерттеулермен айналысады және тәжірибе жинақтап, сол тәжірибелерімен бүкіл елімізбен бөлісуге дайын.

Соңғы жаңалықтар