ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы пациенттерді сапалы оңалту мәселесін шешу үшін еліміздің санаторийлерін бірігуге шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы пациенттерді сапалы оңалту мәселесін шешу үшін еліміздің санаторийлерін бірігуге шақырады

ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы пациенттерді сапалы оңалту мәселесін шешу үшін еліміздің санаторийлерін бірігуге шақырады

Қазақстанда жыл сайын 400 000 мыңнан астам адам операция жасатады, содан кейін қалықа келу үшін емделуді қажет етеді. Көбінесе толыққанды оңалтудан өтпеген пациент өмірінің соңына дейін қалпына келе алмай жатады. Еңбек министрлігінің деректері бойынша соңғы бес жылда Қазақстанда мүгедектік деңгейі 7,5 процентке (674,2 мың адамға дейін) өскен. Оның себептерінің ішінде қанайналым жүйесі аурулары мен жарақат алу да бар.

  • 18 Сәуiр 2019
  • 28
Фото - Caravan.kz

Өкініштісі сол, бүгінде «Емхана – Стационар – Санаторий» деген тізбек бұзылған, ол тізбек бойынша пациентке қызмет көрсетілуі тиіс болатын. Санаторийлік-курорттық емдеудің Қазақстан азаматтарының көпшілігіне қолжетімді бола бермейтіні де белгілі, оның бірнеше себебі бар, мысалы: санаторийлерде қажетті құрал-жабдық, кәсіби мамандар, технологиялар жоқ және тағы сол сияқты.Қазіргі кезде санаторийлердің мемлекеттік қолдауға мұқтаж екенін де мойындау керек.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының (бұдан әрі – ҚР ПІБ Медициналық орталығы) қарамағында Президенттік клиника, Алматы қаласындағы Орталық клиникалық аурухана, «Оқжетпес», «Алматы», «Қазақстан» (Ессентуки) санаторийлері, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы бар, пациенттерді кешенді қалпына келтіріп емдеуде олардың тәжірибелері молжәне сол тәжірибелерімен бүкіл елімізбен бөлісуге дайын.

Осы мақсатта 2019 жылғы 18-19 сәуірде ҚР ПІБ Медициналық орталығы төртінші «Шипажай — 2019» Халықаралық форумын өткізеді
, оған отандық санаторийлерден реабилитологтер, Италия, Германия, Чехия, Түркия, Әзербайжан, Грузия, Литва, Ресей елдерінен үздік мамандар, жалпы алғанда 300-ден астам адам қатысады. Қазақстанның санаторийлерін консорциумға біріктіріп, еліміздегі клиникалармен меморандумдарға қол қойылады деп күтілуде.

Щучье-Бурабай курорттық аймағының әлеуеті форумның жеке тақырыбы ретінде қаралады. Экотуризмді дамыту бағытында Switzerland Tourism компаниясының топ-менеджері Федерико Маруго өз тәжірибесімен бөліседі. Туризмнің Швейцариялық кеңсесі мен Бурабай курортының арасында бірлескен құжатқа қол қою дайындығы жүріп жатыр.Журналистер «Оқжетпес» санаторийінің сауықтыру ем-шараларын тестілей алады.

 

Соңғы жаңалықтар