ҚР президенті жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықпен күресті қатайтуды талап етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықпен күресті қатайтуды талап етеді

ҚР президенті жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықпен күресті қатайтуды талап етеді

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықпен күресті қатайту тапсырмасын қойды. Бұл туралы ол кеше өткен ұлттық жоғары оқу орындарының жаңадан тағайындалған ректорларымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 1027
Фото - Caravan.kz

«Ректорлар қызметінің маңызды бағытының бірі ретінде президент жоғары оқу орындарындағы парақорлыққа қарсы күресті атап көрсетті», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Бұл зиянды құбылыс. Жас кезінен бұл құбылысты көріп өскен жастардан кімді тәрбиелеп шығаруға болады? Мен сіздерден жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізуді талап етемін», — деп Н.Назарбаев ректорларға тапсырма жүктеді.

Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, бұл ретте президент осы жоғары оқу орындарының белгілі бір артықшылықтарға ие екендігіне ерекше тоқталып өтті. Бұл жоғары оқу орындары — қаржыландыру, профессорлық-оқытушылық құрамының айлықтарының жоғарылығымен, сондай-ақ жоғары білімді мамандарды дайындауға бөлінетін мемлекеттік тапсырысты бөлудегі басымдыққа ие. Сондықтан да ұлттық оқу орындары еліміз көлемінде тиісті қайтарымды қамтамасыз етулері шарт». Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ұлттық оқу орындары оқу процесінің сапасын, өз рейтингтері мен қазақстандық білім берудің беделін артырулары қажеттілігін атап көрсетті.

«2007 жылғы Қазақстанның алдыңғы қатарлы 60 жоғары оқу орынында өткізілген рейтингінің нәтижесіне сәйкес кейбір ұлттық оқу орындары бірінші ондыққа енбей де қалды», — деп атап өтті Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы ректорлар алдына ұлттық жоғары оқу орындарының бәсекелестік басымдықтарын дамыту міндетін қойды.

«Жақында мен КИМЭП-те болдым. Бұл институт студенттерінің 95 пайызы жоғары курстарда Қазақстанның алдыңғы қатарлы компанияларынан жұмысқа шақыру алады. Осындай көрсеткіштер алдағы уақытта сіздердің оқу орындарында да болады деп сенемін», — деді Н.Назарбаев.

«Президент ғылым мен білімнің ықпалдастығына ерекше назар аударды. Мәселен, алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының жанынан инженерлік профильдегі 10 зертхана ашылса, алдағы уақытта олардың қатарына тағы да 5 зертхана қосылмақ. Зертханалар үшін заманауи құрал-жабдықтар сатылып алынды. Алайда осы уақытқа дейін осы құрал-жабдықтар не оқу процессінде, не ғылыми зерттеулер барысында қолданылмаған», — деп көрсетілген хабарламада.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі атап көрсеткендей, мемлекет басшысы аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық мәселе ретінде студент жастармен жұмысты атап өтті.

«Сіздердің басты мақсаттарыңыз — сапалы білім беру және біздің қарқынды дамып келе жатқан экономикамызға аса білікті мамандарды дайындап шығару, өсіп келе жатқан жастарды патриотизм мен туған Отанына қызмет ету рухында тәрбиелеп шығару», — деді президент жоғары оқу орындарының ректорларына айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті