Жарияланды: 580

ҚР Қарулы Күштерін келісім-шарт негізіне сатылы түрде көшіру тұжырымдамасын Үкімет мақұлдады

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін келісім-шарт негізіне сатылы түрде көшіру тұжырымдамасы Үкіметте пемьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте қаралып, мақұлданды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Үкімет басшысына талқыланған жобаның әрбір пункті бойынша толық қаржылық есепті ұсынды. Даниал Ахметов қорғаныс ведомствосы басшылығының назарын бағдарламалық құжаттың президент қойып отырған талаптарға толық сәйкес келуі тиіс екеніне және осы саладағы барлық шара жоғары әскери шеберлікті ұштауға, ықшамдылық пен Отан қорғау міндетін орындауға қашан да әзір болуға бағытталуы керектігіне тағы да аударды. "Әскерді келісім-шарт жүйесіне көшіру, үкімет басшысының пікірінше, Қазақстан қарулы күштері саласындағы "күрделі жаңарту", "қорғаныс министрлігі жүйесіндегі ірі құрылымдық өзгерту" болмақ, ол әскери қызметтің көптеген қырларын қозғайды. Ол тек қорғаныс министрлігінің қаржылық негізін өзгертіп қана қоймай, Қарулы Күштерге қатысты басты тауқыметтерді концептуалдық тұрғыда өзгертеді. "Келешекте біз әскери резервті қалыптастыруда басқаша көзқарасқа көшетін боламыз. Сөз жоқ, бұл армияны материалдық-техникалық қамтамасыз етуге өзге қадамдарды қарастырады. Келісім-шарт жүйесіне көшу, басқаша айтқанда армияны кәсібилендіру процесі өзімен бірге біздің қарулы күштерімізді ұстауға жұмсалатын шығындарды азайтуға түрткі болатыны түсінікті. "Бұл тұрғыда жалған үмітке бой алдыруға болмайды". "Біз отан қорғаушылар өздеріне жүктелген жауынгерлік міндетті жоғары біліктілікпен атқаруға дайын болуы үшін, керісінше, әскери қызметшілерге жүктелетін жүктеме мен жауапкершілікті, олардың әлеуметтік қорғалу жағдайын жақсарта түсеміз". Даниал Ахметов барлық мүдделі министрлік пен ведомстволарға екі апта ішінде тұжырымдаманың қаржылық есептік моделі туралы ұсыныстарды аяқтап, оны Үкімет қарауына енгізуді тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін