Жарияланды: 680

ҚР Қарулы Күштерінің жоғары бас қолбасшысы Қарағанды облысында өтіп жатқан антитеррорлық оқу-жаттығулар барысын қадағалайды

Ертең, 14-сәуірде ҚР Қарулы Күштерінің жоғары бас қолбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл күндері Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында өтіп жатқан антитеррорлық оқу-жаттығулар барысын қадағалайды. Жаттығулар үшінші, шешуші сатыға көшті.

KZ-today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, оқу-жаттығуларға ҚР қарулы күштері құрамындағы барлық әскер түрлері мен әскери күш құрылымдары, соның ішінде ішкі әскерлер де атсалысады. Лаңкестікке қарсы күрес қимылдарына машықтану сипатындағы мұндай оқу-жаттығуларды ҚР қорғаныс министрлігі жыл сайын өткізуді әдетке айналдырған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін