Жарияланды: 620

ҚР қорғаныс министрі ҚР Қарулы Күштерінің аймақтық командованиесін құру туралы бұйрыққа қол қойды

ҚР қорғаныс министрі М.Алтынбаев әскери округтер негізінде ҚР Қарулы Күштерінің аймақтық командованиесін құру туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы М.Алтынбаев 28-маусымда Алматы облысында өткен журналистермен кездесуде хабарлады.

Қорғаныс министрінің түсініктемесіне жүгінсек, бұл бұйрыққа ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-жылдың мамырындағы "ҚР Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру шаралары жөніндегі" жарлығына сәйкес қол қойылған. Атап айтсақ, еліміздің әр аймағындағы әскери топтастықтардың жауынгерлік дайындығын жақсарту, әскери күштерді аумақтық деңгейде жедел басқару мақсатымен бұрынғы әскери округтер "Астана", "Шығыс", "Батыс" және "Оңтүстік" аймақтық командованиелер болып қайтадан құрылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін