ҚР Қорғаныс министрлігінде бірқатар тағайындаулар жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қорғаныс министрлігінде бірқатар тағайындаулар жасалды

ҚР Қорғаныс министрлігінде бірқатар тағайындаулар жасалды

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қорғаныс министрлігінде бүгін өткен алқа мәжілісінде бірқатар тағайындаулар жасалғандығы жайлы жария етілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Қорғаныс министрі бүгін мемлекет басшысының жуырдағы жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған Ратмир Әлімханұлы Комратовты және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Әлімжан Қанағатұлы Ерниязовты, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалған Әлихан Бірімжанұлы Жарболовты таныстырды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, «ҚР қорғаныс министрінің бұйрықтарымен мыналар тағайындалды: полковник Асхан Тасболатов — өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының басқару штабының бастығы; полковник Алмаз Әсенов — Штаб бастықтары комитетінің жауынгерлік дайындық және әскерлер қызметі департаментінің бастығы; полковник Талғат Жанжуманов — Қарулы күштер тылының бастығы; әділет полковнигі Асхат Жүсіпов — Қорғаныс министрлігінің заңгерлік департаментінің бастығы болып тағайындалды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар