Сот ісі үзілісінде 23 жылдық өтілі бар ұшқыш журналистерге сұхбат берді. Александр Кабанов сотталушы Қанат Ақылбековтің ұшақ апатына кінәлі емес деген пікір айтты. Кәсіби ұшқыш кез келген оқыс жағдайда экипаж әрекет етуі тиіс екендігін мәлімдеді. «Әрбір күтпеген жағдайда ұшқыш әрекетке көшу керек, себебі ол мұны меңгерген, ұшақты қалай қондыруды білуі тиіс. Қандай оқыс жағдай болмасын, ол ұшақты қондыруға міндетті. АН-72 ұшағының ұшқышы дер кезінде кәсіби түрде әрекет ете алмады. Менің ойымша, биіктікті өлшейтін аспап істен шыққан сыңайлы, оны алмастыратын аспаптар да бар ғой, солар арқылы жерге қону керек еді», — деді Александр Кабанов.
Сол күні ұшқыш айыпталушы Қанат Ақылбековтың басқаруымен ЯК-42 азаматтық ұшағын ойдағыдай қондырды. Ол ауа райының қолайсыздығына қарамастан жерге қонып, шымкенттік әуежайға 120 жолаушыны аман-есен жеткізді.
Еске сала кетейік, Шымкентте 2012 жылы желтоқсанда ҚР шекара қызметінің Ан-72 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты сот процесі жалғасуда. Қазәуебағдарлау диспетчері Қанат Ақылбековке айып тағылған болатын. Қылмыстық істің 42 томнан тұрады. 8 куәгер мен қаза болған шекарашылар мен экипаждық туған-туыстарынан тұратын 27 жәбірленуші бар.